Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Абай облысында 6 баланы қағып кеткен жүргізуші 9 жылға сотталды

Абай облысында 4 баланы ажал құштырып, екеуін ауыр жарақаттаған көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.

Абай облысында 6 баланы қағып кеткен жүргізуші 9 жылға сотталды
Коллаж: Azattyq ruhy

Қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Тағылған айып "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу", яғни Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігі. 2013 жылдан бастап "эпилепсия" диагнозымен диспансерлік есепте тұрған сотталушы көлік басқарып келген. "Биыл 19 тамызында сотталушы көлік жүргізіп келе жатып, эпилепсия ұстамасы салдарынан бақылауды жоғалтып, жолдан шығып кеткен. Ол үй қоршауының жанында тұрған жас балаларды қағып кеткен. Жол апатының салдарынан төрт бала қайтыс болды, тағы екеуі ауыр дене жарақатын алды", - дейді сотта. 

Прокурор сотталушыға 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот сотталушыны Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жәбірленуші тарапқа 50 млн теңге моральдық зиян өтеді.