Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақмола облысында білім бөлімі мұғалімдерге 250 млн теңгеге жуық еңбекақыны төлемеген

Ақмола облысы Ерейментау ауданында мұғалімдер еңбекақы алмаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Ақмола облысында білім бөлімі мұғалімдерге 250 млн теңгеге жуық еңбекақыны төлемеген
Фото: sputnik.kz

Ерейментау ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында білім бөлімінің еңбекақы төлемеу деректері анықталды.

"Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтеліп, 1 732 мұғалімнің еңбек құқықтары қорғалды", - дейді прокуратурада.

Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.