Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік архивтердің мәртебесі мен қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді әрі жүйелі нормаларды айқындайды.
"Сонымен қатар аталмыш құжатта балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері және онлайн-платформалар арқылы педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпарат орналастыруды шектеу нормалары көзделген", - деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Неке және отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, балаларды ұлттық және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге баулып, рухани тәрбие беру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. 2024 жылғы 6 тамызда "Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!" атты петицияның "жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынас насихатынан қорғау" бөлігіндегі талаптары ішінара орындалды.
Осыған байланысты бірқатар заңнамалық актіге түзетулер енгізу қажет болды.
Нәтижесінде заң арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заңда "дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттау" және "педофилияны насихаттау" ұғымдарына нақты анықтамалар беріліп, олар заңға қайшы контентке теңестірілді.
Мемлекет басшысы бекіткен бұл заң Ұлттық архив қоры мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтауды, мемлекеттік архивтердің мәртебесін арттыруды, сондай-ақ өскелең ұрпақты заңсыз контенттен қорғауды мақсат етеді.
*Қозғалыс Ресейде экстремистік деп танылған және оған тыйым салынған.