Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлады Ақорда.
Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді.
"Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылғы 1 наурызда құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Бұл бірегей институттың міндеті – барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы