Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды paryz.kz.
Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар ресейлікті Грузиядан экстрадициялады.
"Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді. Қаскүнем үш жылдан аса уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада. Биыл қыркүйекте ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.