Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы бұзылып, жолдар жабылды

Бүгін, 26 желтоқсан күні түскі сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше жолдар жабылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы бұзылып, жолдар жабылды
Коллаж: Azattyq ruhy

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, оңтүстік өңірлердің жолдары жабылып отыр.

Жамбыл облысында мына жолдар кешкі 18.00-ге дейін жабылды: «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).

Түркістан облысының да біраз аймақтарында жол жабылған: «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін). Ауа райы тұрақтанса, жолдар кешкі сағат 18:00-де ашылады.