Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Күштеп, қорқытып ұстаған: БҚО-да қауіпті схема әшкереленді

БҚО бойынша ҚМА департаменті прокуратураның үйлестіруімен банк шотын заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жасау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды

Күштеп, қорқытып ұстаған: БҚО-да қауіпті схема әшкереленді
фото: видеодан скриншот

Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушылар уақытша табыс табу жолы ретінде адамдарға екінші деңгейлі банктерден шот ашуды ұсынған.

"Интернет-банкинг мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен. Мұндай әрекеттерге қатысқан "дропперлер" 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған. Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған", - делінген хабарламда.

Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 миллион теңгеден асқан.