Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар

Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар? Ұлттық статистика бюросы Республика күні қарсаңында қызықты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды paryz.kz

Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар
Фото: NUR.KZ

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар. Олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам) және Ақмола облысында (6 адам) тұрады.

Қостанай облысы мен Астанада әрқайсысында аты Қазақстан 3 азамат, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында әрқайсысында 2 адам бар.

Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тұрады. 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі – Қазақстан. Жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан есімді ең қарт тұрғын 92 жаста, ең жасы 25-те.