Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады

Сауда және итеграция министрлігі АҚШ-тың Қазақстан тауарларына енгізген жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады
фото: Sputniknews

"Қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар. Олар жаңа тарифтерден босатылуына байланысты жаңа баж салығынсыз әрі қарай жеткізіле береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді", - деп түсіндірді министрлік. Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында Қазақстан үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. "Қазақстанның мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау. Қазіргі уақытта Америка тарабы Қазақстанның ұсынысын қарастыруда және келіссөздерді өткізу күні туралы хабарлайды", - деп толықтырды ведомство.

Айта кетері, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары (4,1 млрд АҚШ). Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн АҚШ доллары (16,4%), күміс - 239,9 млн АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн АҚШ (0,89%)және басқалар. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн АҚШ долларын құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстан АҚШ-қа 418,2 млн доллардың тауарын экспорттадыы. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.