Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығының атынан жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті.
"Хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp және Telegram арқылы таратып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:
күмәнді хабарламаларға сенбеу;
бөгде сілтемелерге өтпеу;
белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;
алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру керек.