Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.