Прямая трансляция

Астана

Астана

12.49°C

Перизат Қайраттың соты тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін

Жоғарғы сот «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы анасымен бірге қомақты қаражат жымқырды» деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың сотын қандай жағдайда тікелей эфирден көрсету арқылы ашық жүргізетіндерін айтты, деп хабарлады Paryz.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Перизат Қайраттың соты тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін
фото: әлеуметтік желіден

— «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі — Перизат Қайраттың істері сотқа түспеген. Перизат Кайраттың соңғы қылмыстық ісі сотқа келіп түскен жағдайда, қоғам тарапынан, заңгерлер қауымынан сондай сұраныс болса, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету мәселесі қарастырылуы мүмкін, — деп жазылған ресми жауапта.