Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Air Astana Дубай мен Дохаға рейстерді тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы 23 маусымға жоспарланған бірден төрт халықаралық рейсті тоқтатты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Air Astana Дубай мен Дохаға рейстерді тоқтатты
Фото: istockphoto.com

Бұл шешім Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың нашарлауына және Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты қабылданды.

Уақытша тоқтатылатын бағыттар мыналар: Атырау – Дубай – Атырау (KC191/192), Астана – Дубай – Астана (KC205/206), Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898), сондай-ақ Астана – Доха – Астана (KC655/656).

Air Astana жағдайды мұқият бақылап отырғанын және рейстер кестесіне қатысты кез-келген өзгеріс туралы жолаушыларды жедел түрде хабардар ететінін атап өтті.