Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Павлодар облысындағы дауыл: қатты желден құрылыс краны бес қабатты үйге құлады

Павлодар облысындағы дауыл салдарынан Ақсу қаласында қатты желден құрылыс краны бес қабатты үйге құлаған.

Павлодар облысындағы дауыл: қатты желден құрылыс краны бес қабатты үйге құлады
фото: видеодан скриншот

Кран бірнеше күннен бері орнынан қозғалмаған. 23 тонналық кран тұрғындардың зәре-құтын қашырды.

Жел басылғаннан кейін ғана үйдің төбесінен кран алынып тасталды.

Әкімдіктің мәліметінше, қатты желден 61 көпқабатты, 102 жеке тұрғын үйдің, 16 әлеуметтік нысанның, 48 заңды тұлғаның шатырлары қираған. 250-ден астам ағаш құлаған.