ҰҚК Оралда қылмыстық топты ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Комитеттің мәліметінше 10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топтың жолын кесті.
"8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Бұл адамдардың әрекеті аймақтың коммерциялық қызметіне теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.