Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Түскі ас ішкелі жатырмын»: Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты

Желіде Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты экс-министр Tengrinews.kz сайтына берген жауабында жоққа шығарды, деп хабарлады Paryz.kz.

«Түскі ас ішкелі жатырмын»: Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты
Фото: дереккөз

Жақсылықов 2025 жылғы 8 маусымда Қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Ашық дереккөздерде жарияланған мәлімет бойынша, кейбір Telegram арналары 10 маусымда оның тергеуге алынғанын және Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жарыса жазды. Алайда ақпарат жалған боп шықты. - Бұл жалған, - деп хабарлады ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы.

Қазір ол Астанадағы үйінде отбасымен бірге түскі ас ішкелі жатқанын айтты. 

Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратқандарға сотқа арыз түсіретінін ескертті.