Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі Қазақстан халқының саны туралы тың мәліметті жариялады.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 20 353 265 адам тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі деректерге қайта оралсақ, елімізде 20 333 530 адам тұрған.
Яғни, бір айда халық саны 19 735 адамға өсіп отыр. Сондай-ақ 12 856 783 адам қалада, 7 496 482 адам ауылда тұратыны белгілі болды.
Еліміздің ең ірі үш қаласындағы халық санына келетін болсақ:
Астана қаласы – 1 558 501 адам.
Алматы қаласы – 2 310 071 адам.
Шымкент – 1 271 228 адам.
Алматыдан кейінгі ең тығыз қоныстанған өңір – Түркістан облысы. Онда 2 151 581 адам тұрады.