Шерзат Болаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев моральдық және материалдық шығындарды өтеу туралы талапты жария етті. Адвокаттың айтуынша, жалпы өтемақы сомасы 600 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Paryz.kz Ertenmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кінәлі деп танылғандарға талаптар Марқұмның жерлеу рәсіміне кеткен 2 миллион 794 мың теңгені негізгі айыпталушы Шынасыл Абзалдан өндіріп беру сұралды.
Сондай-ақ, моральдық зиян ретінде келесі өтемақылар талап етілді:
Әкесі Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына – Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен әрқайсысынан 50 миллионнан, жалпы 100 миллион теңге;
Анасы Гүлбара Бейшембиеваға – Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен 100 миллион теңге;
Әжесі Жұмабике Қадыроваға – Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен 100 миллион теңге.
Төбелеске қатысы барларға да талап бар
Сонымен қатар, Шыңғыс Белқожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрболат Тоқтаубаев және Дидар Қалиахметке қатысты да өтемақы талап етілді.
Әрқайсысынан марқұмның әкесі, анасы және әжесіне 20 миллион теңгеден, яғни жалпы сомасы 360 миллион теңге өндіріп беру сұралды.
Сотқа құжаттар ұсынылды Адвокат өтемақының мөлшері психологтардың арнайы сараптамасы негізінде есептелгенін айтты.
Жерлеу рәсіміне жұмсалған қаржының түбіртектері де сотқа ұсынылған.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған жаппай төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған. 2025 жылдың 17 сәуірінен бастап негізгі сот процесі жүріп жатыр.