Бүгін мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, істің қашан сотқа жолданатынын айтты, деп хабарлады Paryz.kz сайты Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Жеңіс Елемесовтің айтуынша, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.
«Нақты кесте бар, танысу 9 маусымда аяқталуы керек. Әрі қарай өтінішхат жолдауға 3 күн беріледі, содан кейін 10 күн ішінде прокуратура істі сотқа жолдау туралы шешім шығарады. Екі адам – қызы мен анасы күдікті саналады», - деп нақтылады спикер.