Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Алматыда мопед иелері жазаланып жатыр

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған мопед жүргізушілеріне қатысты рейд күшейтілді. Жаңа талаптарға сай келмеген мыңдаған мопед айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда мопед иелері жазаланып жатыр
Фото: Алматы ПД

2024 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалану ережелері өзгерген болатын.

Жаңа нормаларға сәйкес, мопед жүргізушісінде міндетті түрде төмендегілер болуы тиіс:

• "А" санатындағы жүргізуші куәлігі;

• көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу;

• сақтандыру полисі;

• мемлекеттік тіркеу нөмірі. Алматы қалалық полиция департаментінің дерегінше, осы талаптар күшіне енгелі бері 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған, яғни жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз немесе сақтандырусыз жүрген 1 500-ге жуық мопед арнайы айып тұрағына қойылған. "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі аясында мопед жүргізушілеріне ерекше назар аударылып отыр, – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Ол мепед жүргізушілері қарапайым қауіпсіздік талаптарын жиі елемейтінін атап өтті.

«Жол қозғалысына қатысатын бұл санат қарапайым қауіпсіздік талаптарын жиі елемейді. Сондықтан біз олардың заң талаптарын сақтауын қадағалауды жалғастырамыз», – деді ол.