Прямая трансляция

Астана

Астана

21.53°C

Оқушы мұғалімді қорласа, ата-анаға қандай жаза бар?

Кейбір оқушылар мұғалімдерге дөрекілік көрсетіп, оларды мазақ етіп, намысына тиеді. Мұндай жағдайда мұғалімдердің құқығына қатысты министрлік ұстанымы қандай және ата-аналарды жазалау қажет пе? Бұл сұрақты Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігі өкілдеріне қойды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқушы мұғалімді қорласа, ата-анаға қандай жаза бар?
Коллаж: baq.kz

Елде 5 жыл бойы педагог мәртебесі туралы заң жүзеге асып жатыр. Заң бірінші кезекте педагог құқықтарын қорғайды.

Сондықтан егер ата-аналар мен оқушылар тарапынан дау-жанжал туса, мұғалімнің құқықтары міндетті түрде қорғалады.

Әрбір оқиға педагогикалық этика кеңестері, ата-аналар жиналыстары, бәлкім қоғамдық кездесулерде жеке-дара қаралады. Жалпы алғанда, бұл әкімшілік құқықбұзушылық болса, ата-анаға әкімшілік айыппұл салынады, - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.