Алмат қаласы Түрксіб ауданында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматы анықталды.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиевтің сөзінше, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған.
УКөші-қон режимін бұзушылар Полиция департаментінің қабылдап-таратуына орналастырылды.
«Қазір полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Біздің басты міндетіміз - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады», – дейді Думан Аухадиев.