Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады

Halyk Bank, былтыр ForteBank жасаған «лингвистикалық перформанстан» шабыт алғандай, Қазақстан халқының бірлігі күнін ерекше «креативпен» атап өтуді жөн көрген сияқты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады
Фото: egemen.kz

Бұл жағдай ірі банктер арасында «ең сауатсыз құттықтау» үшін бейресми жарыс жүріп жатқандай әсер қалдырады. 

Сонда мұндай жазбалар жарияланбас бұрын ешкім тексермей ме? Әлде мемлекеттік тілге деген құрметтің жоқтығы ма?

Мұндай «құттықтаулар» тек немқұрайлылықты емес, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген менсінбеушілікті білдіреді. Банктер қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне ме екен?

Әлде бәрін автоматтар мен салақ мамандарға тапсырып қойған ба?

Риторикалық сұрақ: осындай өрескел қателіктер үшін жауапкершілікті қашан қарапайым қызметкерлер емес, бұл жағдайға жол берген басшылық мойнына алады?

Айта кетейік, құттықтау мәтінінде қазақша әріптер жазылмай қалған. 

«Казакстан халкынын бірлігі кунімен куттыктаймыз! Бул мереке басты кундылыктарды, достыкты, озара сыйластыкты және бірлікті еске салады. Биз еліміздін кеп ултты халкын мактан тутамыз», – делінген мәтінде.

Halyk Bank осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Halyk Bank атынан мемлекеттік тіліміздегі мәтінде кеткен қателік үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Қазақ тілі – мәдениетіміздің, тарихымыздың және ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұл біз үшін жауапкершілік қана емес, жүректен шыққан саналы таңдау. Сондықтан біз әрбір сөздің дәлдігі мен маңыздылығына айрықша мән береміз. Бұл жағдайда мәтінді көшіру кезінде техникалық қате және адамдық фактор рөл атқарған болуы мүмкін. Біз командамызға сенеміз және олардың әрбір материалға ерекше ұқыптылықпен қарайтынын жақсы білеміз. Дегенмен, өкінішке қарай, осы жолы маңызды жайт назардан тыс қалды», – деп жазылған хабарламада.

Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады