Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Сотқа берем»: Еділ Жаңбыршин мен Аслан Мусинді не байланыстырады?

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында өзіне жасалған ақпараттық шабуылдардың себебін түсіндірді.

«Сотқа берем»: Еділ Жаңбыршин мен Аслан Мусинді не байланыстырады?
Коллаж: Paryz.kz

«Олигополияға ұнамайтын заңдар қабылдаймыз, жобалар жасаймыз. Әй дейтін әже, қой дейтін қожасы жоқ, әрнәрсені белден басып жүрген мұнай алпауыттарын шақырып алып, халық қалаулыларының алдында есеп бергізіп отырғандықтан, соларға және солардың мүдделес сыбайластарына ұнамауымыз мүмкін. Біз президенттің саясатын жүргізетін адамбыз, ол кісі елді жаңа бағытқа бұрып, өзгерістер жасауға талпынып жатыр. Мұндай қадамдар да бұрынғыларға ұнамайды. Өйткені, бұрынғылар өздерінің жем отырған астауынан, мемлекет қазынасын майшелпек қылған схемаларынан айырылғысы келмейді. Сондықтан бізге ақпараттық шабуылдардың болатыны заңдылық. Бола да береді. Блогер-журналистерді әдейі бізге жіберіп, шатастыру үшін құйтырқы сұрақтар қояды. Кейбіріне түсіп қаламыз, кейбіріне жауап беріп жатамыз. Енді бәрін бірдей біле беруің мүмкін емес. Ақпараттық «киллерлердің» болатынын білеміз, біреу жасырын жасайды, біреу ашық шабуылдайды. Оған етіміз үйренген. Саясатқа келгеннен кейін бәріне дайын болуымыз керек», - деді депутат. 

Сонымен қатар ол «Еділ Жаңбыршиннің саяси мансабының өсуіне Президент әкімшілігінде бұрын басшы болған Аслан Мусин ықпал етті» деген қауесетке жауап берді. 

«Мусинмен өмірімде кездеспегем. Қызмет бабында да жолықпағам. Танымаймын. Тек сырттай биографиясын ғана білем. Мені Ақтау қаласының әкімі қылған сол кездегі Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов болатын. Адамды сендіргің келсе, өтірікті өкіртіп тұрып айт деген. Сондай пиғылмен таратылған қауесет шығар, менің беделімді, абыройымды түсіру үшін. Жалпы мен туралы небір бәлелер жазылды. Ал мені танитын адамдар, қызметтес болған азаматтар менің қандай адам екенімді біледі, сондықтан ондай қаңқу сөздерге ақталмаймын да. Егер жалған ақпарат таратушылар шектен шығып жатса, сотқа беретін болам», - деді Еділ Жаңбыршин.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность