Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Мектептің өзін харам ақшаға салып, адал ұрпақ өсірем деп қиялдаймыз»: Балғынбек Имаш АЭС салуға қатысты ойын айтты

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш АЭС салуға қарсылығын білдіріп, билікке ашуланды. Айтыс әлемінің өкілінің сөзінше, АЭС салынуы шешіліп қойған мәселе көрінеді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап

«Мектептің өзін харам ақшаға салып, адал ұрпақ өсірем деп қиялдаймыз»: Балғынбек Имаш АЭС салуға қатысты ойын айтты
фото: видеодан скриншот

“Бірден айтайын, мен маман емеспін. Референдум деп таңдау жасауға мүмкіндік берген соң ақын ретінде емес, осы елдің азаматы ретінде өз сөзімді айтам. Ештеңе өзгермесе де салынуы шешіліп қойған мәселе. Бұл мәселені “Ресейдің (орыстың емес) – бағы, Қазақтың (Қазақстанның емес) – соры” деп білем. Неге соры? Біріншіден, өйткені, бізде таңдау еркі жоқ! Бізге оны тек Ресей салады. Дамыған жапондар емес, тәжірибелі француздар емес, сапасүйер немістер емес. Ақ Патшаның (әлемге жексұрын Пұт-иннің) әлі де боданындамыз. Біздің қожайынымыз, бізді әлі босатқысы жоқ! Жоқ, біз тәуелсізбіз десеңіздер, Кедендік одақтан, ОДКБ-дан шығып көрейік. Жәй бір шығып, таза ауа жұтып, қайта кіреміз десек те шыға алмаймыз”, – деп жазды айтыскер ақын.

Сонымен қатар ақын елде мамандардың тапшы екенін де жасырмады. 

“Бізде білікті маман жоқ! Бар болса да мемлекетке олар керек емес, олардың пікірі де, білімі де керек емес. Өйткені, билік істі өз мамандарына емес, “өз адамдарына” басқартады. Бізде АЭС салу, оны меңгеру, жүргізу түгілі мемлекетті басқаратын кадрлар тапшы. Бізде идеология да, идеолог та жоқ. “Ұлттық Құрылтай” дегенді ойлап тауып, ойына келгендерді мүше қылды. Білікті маман шығаратын есі дұрыс оқу орны да жоқ қой, білім саласындағы жағдай сын көтермейді”, – деп ашуланды айтыс өкілі.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность