Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты

Adal ADAM youtube арнасына ҚР Әскери-теңіз күштерінің вице-адмиралы Жандарбек Жанұзақов сұхбат берді. Ол 2020 жылы сотты болғанда әділетсіздікке шыдамағанын жеткізді.

«Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты
Кадр из видео

«Мен сот үкімімен келіспедім. Дәлелдерімді ұсындым. Кінәлі емес екенімді айттым. Ақша алмадым, заң бұзбадым дедім. Соған наразылық ретінде 42 күн аштық жарияладым. Мені СИЗО қызметкерлері екі камерадан бақылап қарап отырды. 42 күн тамақ ішпедім, соның екі аптасында мүлде нәр татпадым. Су да ішпедім. 27 келі салмақ тастадым. Сосын прокурор, адвокат келді. СИЗО-ның бастықтарын да аядым, олар маған «бізді жұмыстан алып тастаймыз деп тыныштық бермей жатыр» деді. Сөйтіп 42 күннен кейін аштықты тоқтаттым», - деді Жандарбек Жанұзақов.

Вице-адмиралдың айтуынша, кемелерді жалға қою бойынша келісім-шарттың заңдылықтарын 5 ай бойы пысықтап, Қорғаныс министрінің орынбасары мен департамент басшылары, әскери прокурорға дейін қолдарын қойдырып, рұқсат алған. Бәрі заңды болса да өзін ғана айыпты ғып, сотты қылғанын жеткізді. Қорғаныс министрі, министрліктің заңгері араша түспей, тергеушілердің тәлкегіне тастап жібергенін де ашына айтты.

«Мені әділетсіздікке төле алмадым. Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлем дедім», - деп еске алды басына түскен қиын-қыстау кезеңді. 

Айта кетейік, Жандарбек Жанұзақов ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тұрғанда 2020 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оны конкурс өткізбестен кемелерді байлау қызметтерін сатып алғаны үшін кінәлі деп тапты: бірінші сатыдағы үкімге сәйкес, вице-адмирал өз әрекеттерімен мемлекетке 30 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Үкіммен келіспеген Жанұзақов 42 күн аштық жариялады. Ал 2023 жылы ақпанда Жоғарғы сот оған ақтау үкімін шығарды. Вице-адмиралға әскери шені, ордендері қайтарылды.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность