Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Номад» деп кезбе, тұрақты мекені жоқ, бейшара халықты айтады» - тарихшы

Белгілі түріктанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы «номад» деген атаудың жақсы мағына бермейтінін айтады. Айтуынша, бұл атау кезінде ештеңе де өндірмейтін, кезбе халыққа бағытталып айтылған. Бұл туралы ол «Sadaq» медиа агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Paryz.kz.  

«Номад» деп кезбе, тұрақты мекені жоқ, бейшара халықты айтады» - тарихшы
Фото: ашық дереккөз

«Бізді ғасырлар бойы көшпелі халықсыңдар деп келді. «Номадсыңдар» деді. Шын мәнінде, номад деп ештеңе де өндірмейтін, кезбе халықты айтады. Мысалы қазіргі қайыр сұрап қаңғып жүрген сығандар номад болып есептеледі.

Біз сол «номад» дегенге мәз боламыз. Мейрамхана, қонаүйімізге атын қойып даурығамыз. «Номад» деген керемет сөз екен деп, ұлықтап, істемегенді істеп, мәз болып жүрміз. 
Номад кезбе, тұрақты мекені жоқ, бейшара халық деген сөз, Осыны 15-20 қабат қонақ үй соғып, төбесіне апарып іліп қойдық. Мен номадпын деп кеуде қағып жүрміз. Бұл ұят тірлік. 
Бірнеше рет жаздым осы туралы. Ешкім қыңқ етпеді»,- дейді ғалым.

Сондай-ақ ол «скиф», «сақ» деген атаудың да жақсы емес екенін айтады. Бұл сөздердің түпкі мағынасы да жабайы дегенді білдіреді.

«Қытайдың жазба деректеріндегі бізге қатысты "гуй фан", "туй фаню и", "хуни", "куни", "жун", "дун и" деген сөздердің барлығының мағынасы жабайы, ақымақ, қанішер, жыртқыш аң дегенді білдірген. Өңкей кемсіткен атаулар»,- дейді Қаржаубай Сартқожаұлы.  

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность