Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Утиль алымды бизнеске қажетті техникадан алып тастау қажет - депутат

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Ерболат Саурықов көлік жүргізушілері арасында наразылық тудырып отырған утиль алымға қатысты пікірін айтты. Оның ойынша, бірінші ретте ауыл шаруашылығы техникаларынан утиль алымды алып тастау қажет, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Утиль алымды бизнеске қажетті техникадан алып тастау қажет - депутат
Фото: lonmadi.ru

«Ауыл шаруашылығы техникаларынан утильалымды алып тастау болмаса оның құндылық деңгейін төмендету қажет. Біз жалпы утиль алымды емес, бірінші кезекте ауыл шаруашылық техникаларынан алып тастаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, аграрлық сектор, тамақ өнімдері, азық-түлік мәселелрі деген бар. Бүкіл қаланы, бүкіл Қазақстанды тамақпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы. Оларда істеп жатқан дихандар мен кәсіпкерлеріміздің бүгінде техниканы 8-10 пайызға, Президенттің тапсырмасы бойынша, жаңартуға мүмкіндіктері болмай отыр. Техникалардың барлығы қымбат, шетелден келетін техникаларға утиль алым бар, таможнялық салым бар т.б. Соның салдарынан бүгінгі күні техникалардың жағдайы өте күйреп тұр. Бұл менің пікірімді осындағы бірнеше депутат қолдайды, солардың барлғы менің арнайы жасалған сауалнама қол қойып, дайындалған. Бірінші кезекте, ауыл шаруашылық техникаларынан алып тастау қажет. Үлкен транспорттық техникалар бар, крандар, экскаваторлар - сол сияқты техникалардан алу керек. Өндіріске қажетті, ауыл шаруашылығына қажетті, бизнеске қажетті деген техникадан. Содан кейін барып, екінші кезекте, ол орындалатын болса, жалпы көліктен утильалымды алуға немесе төмендетуге болады», - деді депутат.

Paryz.kz тілшісі утильалым дауы қашан басылып, шешімін табады екен деген сұрағына, былай деп жауап берді:

«Менің естігенім, биыл шілде айында утильалымның мәселесі бойынша үлкен комиссия жұмыс жасағалы жатыр. Сол комиссия құрамына біздің бірнеше депутаттарымыз және ел белсенділері, заңгерлер кірісіп жатыр, қатысып жатыр. Осы жаз айларында осы мәселеге қатысты бір нүкте қояды».

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность