Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Биыл қиын жағдай болды» – депутат елдегі қымбатшылық туралы

2024 жылдың мамыр айында 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Жалпы, азық-түлік тауарларына дефляция соңғы 4 жылда алғаш рет байқалды. Бұл туралы 1 маусым күнгі Үкіметтің кезекті кеңесінде айтылды.

«Биыл қиын жағдай болды» – депутат елдегі қымбатшылық туралы
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев осыған байланысты Paryz.kz тілшісіне пікірімен бөлісті. 

«Әлеуметтік бағыттағы 19 түрлі тауарлардың бағасы әлемдегі жағдайға байланысты өсіп жатыр, нақты айту керек. Ақшаның девальвациясы, көрші елдерде болып жатқан соғыс, санкциялар салынып жатыр, тауарлардың бізге келетін жерлері бар және өзіміздің шығаратын тауарлар бар – осыны жан-жақты қарауымыз керек. Әрине, Үкімет тарапынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол атқарылатын болады. Жалпы алғанда, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өскенімен, адамдардың еңбекақысы өспей жатыр. Ең үлкен мәселе сол. Екеуін пропорционально қарайтын болсақ, онда ол өз орнына келеді. Биыл төтенше жағдайларға байланысты өте қиын жағдай болды. Соның ішінде өңірлерді су басу - бүкіл ақша сол жаққа кетіп жатыр, азық-түліктің барлығы сол жаққа кетіп жатыр. Біз нарықтық салада жұмыс істеп жатырмыз, нарыққа байланысты барлығы жасалып жатыр. Ал жалпы алғанда, осының барлығы орнына келетін нәрсе - уақыт керек», - деді сенатор.

«Нақты қашан орнына келеді, қашан халықтың тұрмыстық жағдайы жақсарады?», - деген тілшінің сұрағына, былай деп жауап берді:

«Экономистер есептейді, стратегиялық жоспарлау агенттігі бар олар болашақты қарап отыр ғой. Тауарларды алған кезде, табиғи өнімдер болады және ГМО-лар болады. Табиғи өнімдердің бағасы әрқашан жоғары болады. Сол себептен нақты осындай жыл деп айта алмаймын. Уәкілетті органдардан сұрау керек. Бірақ, әрбір өңірлерде сол бағаны төмендету үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кіші цехтар салынып жатыр, тереңдетіп өңдейтін зауыттар салынып жатыр. Осының барлығы іске қосылса, уақыт келе барлығы орнына келеді».

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность