Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Air Astana»-да ұят жоқ. Субсидиялауды тоқтату керек - депутат

Елімізде әуе билеттерінің бағасы өте қымбат. Жолаушылардың дәл осылай шағымданып жүргеніне біраз болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Air Astana»-да ұят жоқ. Субсидиялауды тоқтату керек - депутат
Фото: airastana.com

Депутаттық сауалдар да көтеріліп жатыр, бірақ нәтиже жоқ.                                            

 «Air Astana»-да ұят жоқ. Сөздің расын айтқанда. Ол өзіміздің авиакомпания болғанымен, ешқашан да біздің, Қазақстанның адамдарын ойламайды. Біріншіден, оларға қаншама субсидия береміз, ұшаққа арнайы керек жарақтарын толықтыру үшін субсидия үкімет береді. Олар тек ғана билет сатып сол өздерінің пайдалаларын ойлайтын компания. Сондай компания бізге керек пе, деп ойлаймын кейде. Оның қасында лоукостер ашылды. Оның да билеттері - егер ертерек алсаң, онда арзан, егер екі-үш күн қалғанда алсаң, қымбат - ол не деген сұмдық. Ол не керегі бар сондай лоукостер бізге. Олар бізді ойламайды, халықты ойламаса, субсидияны тоқтатуға - депутаттар үнемі осы мәселені көтереміз, тағы комитетте отырып көтереміз», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ұлықбек Тумашинов.  

Мәжіліс депутаты Сұңқар Исламның айтуынша, бұл сұрақты нарықты реттейтін антимонополиялық комитет қолға алу керек.

«Енді біздің әріптестер ол мәселелерді көтеріп жатады. Бұл жерде монополияға қатысты комитеттің жұмысы негізінде. Оның барлығын анықтап, тиісті шараларды қолдану керек. Жалпы бізде әдейі лоукостер ашылған болатын. Елдің ішінде тасымал жүргізу, бірақ кейде халықтың көптеген наразылығын көріп жатамыз. Сондықтан, «Air Astana», «Qazaq Air», «Fly Arystan» болсын барлығы бір компанияға тиесілі ғой, дочерний компаниялар ғой. Сол себептен бұл жерде нарықты реттейтін антимонополиялық комитеттің жұмысы, менің ойымша, неге қымбат екенін олардан сұрау керек», - деді Сұңқар Ислам. 

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность