Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Табиғат апаты кезінде халыққа қол жайып, қайыршы боласыңдар!»: заңгер Үкіметті сынға алды

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік жіледегі парақшасында су астында қалған өңірлердің жағдайын айтып, Үкіметті сынға алды, деп жазды Paryz.kz. 

«Табиғат апаты кезінде халыққа қол жайып, қайыршы боласыңдар!»: заңгер Үкіметті сынға алды
фото: әлеуметтік желіден

“Жапон елі мұхиттың үстіне биік қабатты үй тұрғызып жатқанда, біз тақыр жерде отырып жай ғана қардың еріген суын игере алмай отырмыз. Отыз жылда мықты мамандар жемқорлыққа батқан елден шетелге кетті. Нәтижесінде зардабын қара халық көріп отыр. Бізде мықты инженер мамандарға мүмкіндік бергенде, бұндай апат болмас еді. 

Біздің еліміздің жеріне өзгелер қызыға және қызғана қарайды.Оны игере алмай жатқан өзіміз. Қардың еріген суын, үлкен су қоймасын жасап сонда жинап, жазда егістікке пайдалансақ та болар еді. Әттең, оған жемқорлардың басы жетпейді”, - деп жазды заңгер. 

Заңгердің сөзінше, тасқынды тосуға бөлінетін миллиардатаған ақша мәселені шешіп жатқан жоқ.

“Жыл сайын су тасқынан құтқаруға миллиардтап ақша бөле бермей, Жапон елінің мықты инженер технологтарын шақырып біржола шешіңдерші. Су таситын аймақтарды зерделеп, судың астында қалмаудың жолдарын олар бір-ақ күнде шешіп береді!

Өздеріңнің миларың істемесе, халықтың игілігі үшін миы істейтіндерге беріңдерші. Мен қарсы емеспін Жапонияның мықты мамандарын шақыруға. Әшейінде, жай ғана театр қойылымдарына 2 миллион доллар бөліп сол жақтан режиссер шақырғанда бәледейсіңдер, ал халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады?”, - дейді ол. 

Айгүл Орынбектің пікірінше, кез келген апаттың салдарын жою үшін халықтан ақша жинау дұрыс емес. Онсызда қымбатшылықта өмір сүріп жатқан ел тұрғындарының оған жағдайы жетпейді.

“Осындай су тасып, табиғат апаты болған кезде, халыққа қол жайып қайыршыланып қаласыңдар!

Елге қайтып жатқан активтер қайда? “Қазақ халқына” қорына құйылып жатқан миллиондар қайда? Азық-түлік, коммуналдық қызметтер күнделікті өсіп жатқанда, халыққа қол жаюды тоқтатыңдар! Отыз жылда қазақ жерінің байлығын сатып, байып кеткен 162 байды сілкілеңдер! Халықтың сендерге беретін түгі жоқ! Қайта Үкіметке қол жаймай, өз күндерін көріп отырғандарына рахмет айтыңдар!”, - деп жазды Айгүл Орынбек. 

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность