Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Батасын сатқан атасын сатқанмен бірдей": боксшы тұсаукесер, сүндет тойға "қол жаяды" (ВИДЕО)

"Бата беру арқылы айына бір ат мінемін, соғымнан қиналмаймын..." - дейді ол.

"Батасын сатқан атасын сатқанмен бірдей": боксшы тұсаукесер, сүндет тойға "қол жаяды" (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Белгілі боксшы, Сидней олимпиадасының чемпионы, таяуда ғана Алматыда өткен митингке қарсы атойлап жүріп, қалалық мәслихаттың депутаты болып шыға келген Ермахан Ибраимов "Баталы құл арымас..." дегенді басқаша түсінетін сияқты. Себебі ол өзінің тойларда бата беріп, пайда тауып жүргенін айтты, деп жазды paryz.kz.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бокшы өзін "қазақтың батыры" деп атап, жұрттың сол үшін бата сұрайтынын алға тартты. Ал ол сөзі видеоны Facebook желісінен көрген көпшілікке жақпай қалды. Алдымен сұхбаттан үзінді келтірейік:

- Ешқандай қызмет қылмаймын. Тойға қонақ болып барамын мен...

- Ал соған ақша аласыз ба?

- Берсе, аламын.

- Бере ме?

- Негізі тойға шақырған адамдар: "Менің тойыма Ермахан Ибраимов келді. Олимпиада чемпионы келіп, тост айтып, балама бата берді", - дейді. Көбіне тұсаукесер, сүндет той, соларға неге қазақтың батыры Ермахан Ибраимов барып, бата бермеске? Оның жолын ашпасқа?

- Бата бағаланады?..

- Бата бағаланады!

- Қаншаға?

- Астыма бір ат мінгізіп, үстіме шапан жабады.

- Сонда қанша ат мінесіз?

- Айына бір ат мінсем, маған жетпей ме сол?!

- Жылына 12 ат?

- 12 ат!

- Соғымнан қиналмайсыз?

- Қиналмаймын.

Ал осы сұрақ-жауапты тыңдаған Бауыржан Оспанов есімді азамат боксшыны "Орысша айтқанда, "свадебьный генерал" деп бағаласа, Сәуле Ерболатова атты желі қолданушы:

"Қазақ ешуақытта өзін-өзі мақтамайды. Сен жақсы болсаң, халық мақтайды. Бата бергенде ақша алмайды, бата сатылмайды. Батаны шын ниетімен, ақ жүрекпен береді. Ол саған сауда емес", - деп қынжылыс білдірді.

Ергенбек Дәлел есімді азамат болса, одан жұрттың не үшін бата сұрайтынын түсінбей дал. Бұл ретте ол Ермаханның соншалықты көпті көрген, жасы келген, елге сыйлы ақсақал емес екенін айтса, келесі Бауыржан Накиев атты азамат:

"Мына жігіттің ақылы онша емес қой. Қай қазақ батасын сатқан? Батасын сатқан атасын сатқанмен бірдей емес пе?" - деп кейіді.

Тағы оқи отырыңыз: Ермахан Ибраимов митингке шыққандарға қарсы ұмтылғанын жуып-шаюда

Ереуілшілерге қарсы ұмтылған Ермахан батыр да депутат болды

Өзге желі қолданушылар да батырлық пен чемпиондықты шатастырмау керектігін, сонымен қатар, бата беруді ақша табу мен "соғым сындырудың" көзі етіп алудың әбестік екенін ескертуде.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность