Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Связі» мықты екен, Жүрсін Ерман телевизиялық айтысты жаптырып тастады» – Ертай Нүсіпжанов

Белгілі журналист Ертай Нүсіпжанов 2006-2007 жылдары «Қазақстан» телеарнасында көрсетілген «Аламан айтыс» халықтың ең сүйікті бағдарламасы болғанын, алайда белгілі ақын Жүрсін Ерман эфирден алдыртып тастағанын айтты, деп жазды Paryz.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

«Связі» мықты екен, Жүрсін Ерман телевизиялық айтысты жаптырып тастады» – Ертай Нүсіпжанов
Коллаж: SN.KZ

«Неге бұрынғыдай айтыс ұйымдастырмайсыз?» дегендер үшін.

2006-2007 жылдары Қазақстан телеарнасында алғаш «Айтыс – Қазақстан чемпионаты», кейін «Аламан айтыс» болып 2 жыл қатарынан сенбі, жексенбі күндері тікелей эфирде ақындар айтысы болғанын көпшілік біледі. Сол уақытта халықтың ең сүйікті бағдарламасы болды. Ежелден келе жатқан сахналық айтыс телевизиялық, жаңаша сипат алды. Төл өнердің тынысы ашылды. Бірақ жоба басталғалы белгілі ақын Жүрсін Ерман қарсы болды. Бағдарламаның екінші маусымында Ж.Ерман ұлттық арнаға директор болып келіп, біздің ұжымды жұмыстан қуып, айтысты жабуға күш салды. Сол кездегі төраға С.Әбдіхамитовке «Не Ертай кетеді, не мен кетемін» деп серт қойыпты. Оны маған төраға шақырып айтты. Басталып кеткен бағдарламаның бел ортасынан тоқтатудың реті жоқ. Сол жолы мен емес, жұмыстан Ж.Ерман кетті. Алайда ырду-дырду болған айтысты ұжымдағы 5-ақ адам әупірімдеп жүріп аяқтадық. Сөйтіп, телеайтыс «қайтыс болды».

Қателеспесем, 2018 жылы ғой деймін, қазіргі телеарна төрайымы Л.Танысбай шақырып, эфирге телеайтыс шығаратын болып шешім қабылдадық. Арна директоры Еркін Мұхамеджанов бар бәріміз бірнеше рет кездесу ұйымдастырып, бағдарлама концепциясын бекіттік. Алматыға қайтып, шығармашылық дайындық бастап кеттім. Көп ұзамай жоба жасалмайтынын естідім. Кейін экранға Ж.Ерманның облыстардағы сахналық айтысы шықты. Түсіндім... – деді ол.

Журналистің айтуынша, 2022 жылы айтысты «Еуразия» телеарнасынан көрсету мүмкіндігін алған.

Оқи отырыңыз:Белгілі журналист Димаш Құдайбергенді Қытай сахнасына бекер шығарғанын айтты

Айтыстың халық сүйіп қарайтын бағдарламасы екенін орыстарға түсіндірдім. Жоба концепциясын жарты жылдай талқыладық. Аймақтарда айтыс лигасын өткізіп, жыл соңында үздік шыққан ақындардың айтысын – финалды тікелей эфирде көрсететін болып шештік.

Жүрсін ағаның тоқырау заманында айтысты қалай сақтап қалғанын, қаншама тер төккенін жұрт біледі. Біз де білеміз. Оған еш дау жоқ. Осы жолы да «Аға, қазылар құрамында өзіңіз болыңыз. Ақыл-кеңесіңіз керек...» деп Ж.Ерманның алдынан өттік. «Ондай деген әңгіме жоқ. Кім сендерге рұқсат берген?! Қазір жаптырамын мен» деп телефонда дүрсе қоя берді. Жолын тауып, араша сұрап Президент әкімшілігіне шықтық. Қазіргі Президент баспасөз хатшысы Р.Желдібай маған қоңырау шалды. «Айтыс ешкімнің меншігі емес. Біз қолдаймыз. Қаймықпай жасай беріңіз» деді. Түйін шешілгендей болды. Қуандым.

Келісімшарт жасалды. Түсірілім жұмыстарын бастағалы жатырмыз. Біреу уатсаптан қоңырау шалды. Сөйтсем, Ж.Ерман екен. Айтпаған, үркітпеген сөзі қалмады... Бар-жоғы екі бағдарлама түсірдік. Айтыстың болмайтыны туралы ақпарат алдым... Дайын бағдарлама ел көрілмейтін уақытта, жарнамасыз берілді (Үзінді видеода). Еңбек зая кетті, декорацияға жұмсалған ақша көкке ұшты. Айтыстың тамырына тағы солай балта шабылды. Ж.Ерманның «связі» мықты екен.

Айналайын, қазағым. Айтыс, төл өнер – халықтікі. Оған қызмет етуіміз мүмкін. Бірақ ешкім оған иелік етуге хақысы жоқ. Әкемізден қалған мансап емес, атадан қалған мұра. Халықтың мұң-мұқтажы айтылатын жалғыз платформа. Билік пен халық арасындағы алтын көпір.

Биліктегі шешеуніктер!

Айтыс жаңаруы керек, жаңғыруы керек. Жастарды тәрбиелейтін, сөз қадірін насихат жасайтын бірегей өнер екенін түсініңіздер. Бойында таланты бар жастардың стимулы болуы тиіс. Онсыз да рухани жұтап жүрген жастарға азық бұл. Айтыс ұйымдастыру оңай шаруа емес. Қашан да дайындық, білім керек. Қазір әр жерден жылт етіп басы-аяғы жоқ айтыстар өтеді ара-тұра. Сапасын жұрт көріп отыр. Қазаққа тән өнерге жанашырлық керек, - деп жазды Ертай Нүсіпжанов өзінің facebook-параақшасында.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность