Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Хабар" Ресейдің саясатын жүргізіп жатыр ма?": Никоновты "ақтаған" бағдарлама дау тудырды

"Мынау "Большая неделя" түсірілімін көріп, бұл арнаның саяси ұстанымына күмәнданып отырмын..." - деп түңілді Мұрат Әбенов.

"Хабар" Ресейдің саясатын жүргізіп жатыр ма?": Никоновты "ақтаған" бағдарлама дау тудырды
фото: khabar.kz

"Хабар" телеарнасындағы "Большая неделя" бағдарламасының соңғы шығарылымы Ресей Думасының депутаттары Никонов, Федоров және атышулы Жириновсийдің қазақ ұлты мен мемлекеттігіне "күмәнмен қараған" мәлімдемелеріне арналды. Сонда байқалғаны, бағдарлама жүргізушісі Дмитрий Олейников өзінің ресейлік шенеуніктерге қарай "бүйрегі бұратынын" аңғартуға тырысқан сыңайлы. Ал ол туралы белгілі саясаткер Мұрат Әбенов өзінің Facebook-тегі парақшасына екі жазба жариялады, деп жазды paryz.kz.

"Хабар" арнасы Ресейдің саясатын жүргізіп жатыр ма? Дума депутаты Никоновты ақтап, Максим Шевченкоға қарсы шыққаны қалай?" - деді Мұрат Әбенов, қазақша жазған бірінші постында.

Шынымен де жүргізуші Қазақстан тәуелсіздігі мен жерінің біртұтастығына, шекарасының беріктігіне қатысты уәж айтқандарға сөз бермеуге тырысып баққан. Тіпті, бағдарламаға тікелей желі арқылы қосылып отырған, Дума депутаттарының пиғылына қарсы пікірдегі ресейлік саясаткер, қоғам белсендісі, журналист Максим Шевченконың да сөзін аяқтатпай қойды. Тек "Қазақстан жері – Ресейдің үлкен сыйы" деген ресейлік депутат Вячеслав Никоновты жақтағандар ғана еркін сөйлей алды.

"Хабар" телеарнасын мемлекеттік қаржыландыруды тоқтату керек! Олар Никоновты ақтап алғаннан кейін Ресейден ақша алсын", - деп реніш білдірді Мұрат Әбенов, орысша жазған екінші постында.

Сол себепті, қазір дені қазақстандық журналистер мен зиялы қауым өкілдерінен тұратын желі қолданушылары бағдарлама жүргізушісі Дмитрий Олейниковті "Іштен шыққан жау жаман" деген мағынада сынның астына алып жатыр.

"Мынау "Большая неделя" түсірілімін көріп, бұл арнаның саяси ұстанымына күмәнданып отырмын. Шамасы 7:30 минуттан бастап көріңіздер. Журналист Дмитрий Олейников қай елдің саясатын айтып тұр?" - деп түңілді одан әрі Мұрат Әбенов.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақты "менсінбеген" Федоровтың саяси ұйымы ҚР ҰҚК-нің "қолтығы астында" тұр

Сондай-ақ, журналист Ришат Асқарбекұлы арна басшылығына тележүргізушіге қатысты шара қолдану керектігін ескертті.

"Журналистің бүйрегі қайда бұрып тұр? Әлде сондай тапсырма алған ба? Бүкіл елдің, әлеуметтік желідегі жұрттың, қарапайым халықтың, тіпті мүйізі қарағайдай саясаткерлердің өзі Никоновты айыптап жатыр. Ал анау жүргізушінікі жәй ма? Спикерлердің аузын жауып, әңгіме ауанын Ресей жаққа бұра тартып тұр ғой. Жүргізушіні қайдан тауып алғансыздар? Көре алмадым соңына дейін, жүргізушіні қабылдай алмадым. Динара Бисембина, Олейниковқа шара қолдануды талап етеміз", - деді ол.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность