Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әскери қызмет - абыройлы міндет пе?

Әскер – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны екені анық. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, білгенге зор мәртебе. 

Әскери қызмет - абыройлы міндет пе?
Сурет: inbusiness.kz

«Әскери қызмет – ел Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі» деген сөз кез-келген ер азаматқа ерекше рух сыйлайтыны тағы да анық.
Әйтсе де, шын мәнінде әскердегі жағдай қандай? 
Арамызда сұранып баратындар мен қатар, қастерлі сапқа тұруға келгенде "ұстатпай" жүргендер неге азаймай тұр?
Осы сауалдарға жауапты PARYZ.kz Астана көшелеріндегі кездескен қауымнан сұрастырып көрген еді...

Біріншіден, үлкен буын қазіргі әскерге барғандардың 1 жылдың ішінде қызметін апыл-ғұпыл атқарып келуіне қарсы. Кезінде 2 жыл қызмет еткендер Жарты жыл әскери машықтарға әбден үйреніп, келесі жарты жылда белгілі бір мамандықты игеріп,  әрі қарай тағы 1 жыл жұмыс істеп қайтатын деседі. 

Бір қарасаң, шындығында, логикаға келеді. 18 жастағы ұландарымыз әскер қатарынан белгілі бір мамандықты игеріп, жұмыс істеген 1 жылында тапқан-таянғанымен жеке кәсіпкерліктің көзін тауып жатса, қоғамның да, отбасының да ұтары мол. Бәлкім, ол үшін әскердегі қызметтің 2-ші жылын шаруашылық есепке көшіріп, сарбаздың ішкен, тамағы, киген киімінен артылған қаражатты оның банк есебіне жинаған жөн шығар?

Екінші топ - әскердегі әлімжеттілікті айыптаушылар десек болады. Шын мәнінде, әскерге сұранып кетіп, артынша табытқа оранып келген баласы үшін қайғыдан қан ішіп отырған қаншама ата-ана бар? Жалғызын жіберіп, аһ ұрғандарды қайтеміз?

Әскердегі әлімжеттілік туралы  айта берсек шынында да негатив көп. Оның бір ұшы ата-аналарға, өзімізге келіп тиеді. 
Олай дейтін себебіміз, баланы шектен тыс өбектейміз. Бала бақшаға 6 жасқа келгенше ер баланы көтеріп алып барып жүрген ата-аналарды көріп жүрміз. Бала бақша тұрмақ, көпшілігіміз  мектепке балаларымызды көлікпен апарып, алып қайтамыз. Сөйтіп, баланы өмірге бейімдеудің орнына, керісінше әлсіз етіп өсіреміз. Мұндай бала көпшіліктің ортасына түскенде әрине өзін қорғай алмайтын, замандастарына беделі тым төмен болып шыға келеді. Ер баланы әскер қатарына дайындау - оны бала кезінен бастап шынықтыру дегенді білдіреді...

Жалпы, әлімжеттілік жасау - психологиялық тұрғыдағы проблема. Егер бала махаббатпен дүниеге келіп, сыйласымды ортада тәрбиеленсе, дүниеге келгеннен бастап, мейірімге қанса ол ешқашан біреуге күш көрсетпейді...

Қазіргі гео-саяси жағдайға қарап отырып, ұландарымызды елді, жерді қорғауға дайын етіп тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін балаларымызға жоқ дегенде  Алпамыс, Қобыланды, Қамбар батырларымыз туралы эпостарды, Ер Төстік туралы ертегілерді көбірек оқып бергеніміз дұрыс-ау?

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность