Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ринат Зайытов «ойына келгенін істейтін» полицейлерге қатысты жазба жариялады

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов полиция жұмысына қатысты сын айтып, жаңа жазба жариялады, деп жазады paryz.kz.

Ринат Зайытов «ойына келгенін істейтін» полицейлерге қатысты жазба жариялады
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ақын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жазбада қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің Назым есімді қызды тергеу кезінде Ринат Зайытов жайлы да сұрағаны айтылады.

Қаңтар оқиғасынан кейін біздің елдегі полиция жұмысы титтей болса да жақсы жаққа өзгеруге тиіс еді. Әттең. Қанды қаңтарда бір мезетте жоқ болып, тығылып қалған сақшысымақтар қайта тайраңдамақшы екен. Сөзімнің дәлелі мына кісі баласы. Есімі Алмат Ырғалиев екен. Қазақтың қаршадай қызын жазықсыз, заңсыз көшеден ұстап алып, қылқындырып бөлімге сүйреген «Палуан». Назым қарындасымызды кабинетіне кіргізіп алып,( жанында тағы біреу бар) тергеген кезінде мен жайлы да сұрақтар қойыпты, – деп жазды Ринат Зайытов.

Айтыскер Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне Назымды және бір топ тәуелсіз журналистті ертіп баратынын айтты.

Білгісі келгенін ертең бетіме айтсын. Сұраймын. Ол кісі баласына қазақ қыздарының сұрауы жоқ деп айтқан кім? Қандай заңға сүйеніп, қорғансыз қызға күш көрсетті? Зайытовтан экстремист жаса деп кім бұйырды? Осынша қорлыққа үндемей отыратын мал емеспіз! Қ.К.Тоқаев мырзаның уәде еткен өзгерістері шынымен басталса, погонын пайдаланып, ойына келгенін істейтін полицейлерді жұмыстан шығарып, жауапқа тартуын талап етемін, – деп жазды Зайытов.

 Сондай-ақ ол жоғарыда аты аталған қызметкердің фотосын да бөліскен.

Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады