Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мұхтар Түменбай: экономикасы әлсіз елден береке кетеді

Өткен жолы Зейін Әліпбектен Қазақстандағы жылдың басынан бергі неке құрғандардың санын осы ФБ-ға салғанда "ал ажырасқандардың саны қанша?" деп сұрағаным бар еді. Бүгін сол статистиканы да жариялапты деп жазады Рaryz.kz қоғам белсендісі Мұхтар Түменбайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап. 

Мұхтар Түменбай: экономикасы әлсіз елден береке кетеді
http://www.matritca.kz/news/104491-arandatudy-artynda-km-tranyn-blumz-kerek-emes-pe-mhtar-tmenbay.html

Елдегі неке және отбасы жағдайы аса мәз емес екенін онсыз да сезіп жүрміз. Шамамен әрбір үшінші отбасы ажырасатын болар деп болжаушы едім, солай екен расында. Бірақ бұл жолыболжамымның расталғаны мені қуантты деу қиын. Қауіпті тенденция. Қазақтың отбасы институтының алтын дәуірі келмеске кетіп бара жатыр ма деймін. Неліктен мұндай жағдай қалыптасты деген сауал төңірегінде ұзақ пікірталастыруға болады. Бұған елдегі әлеуметтік ауыр ахуал да әсер етті, тұрмыстық зорлықтың да себебі бар. Жұмыссыздық, тұрақсыздық, шыдамсыздық, бәрі де өз әсерін тигізді. Бірақ, басты себеп пен негізгі кінә біздерде, ата-аналарда жатқандай көрінеді маған. Жастар бүгінде шыдамсыз, бір-біріне тым талапшыл, өмірдің кішкентай ауыртпалығына морт сынады, бірден шорт кеседі, ажырасуға дайын тұрады дейміз. Ол рас. Дегенмен оларды сондай қылып өсірген кім? Заман сондай дер біреулер. Ал заман деген не? Кімдерден құралады сол айтып отырған заманымыз? Адамдардан, сіздер мен біздерден құралады заман деген. Сондықтан да төмендегі көрсеткіштер сіздер мен біздердің жетістігіміз. Дәлірек айтқанда сорымыз.

"Хабар" агенттігінен

Кестеге зейін салсаңыздар, орыс көп шоғырланған облыстарда ажырасу көрсеткіші 50% дейін жеткен де, дәстүрлі қазақы аймақтарда аздау, 30% төңірегінде екен. Бірақ, осыдан бір ғасыр бұрын ғана неке бұзу көрсеткіші 0% тең болған қазақ үшін бұл да жақсы нышан емес. Осылай әрі қарай кете берсе, орекеңдердің 50% жолда қалатын түрі бар. Бала өсіріп отырған әрқайсымызға ойланатын жағдай. Неке институты тұрақсыз елде бала аз болады, бала аз елде демография құлдырайды, демографиясы төмен елдің экономикасы әлсіз болады. Себебі еңбек ететін күш азаяды. Ал экономикасы әлсіз елден береке кетеді. Сөйтіп түбі біреуге жем болады.

Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады