Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мұхтар Тайжан: Ерлан Кариннің ішкі саясатты түзетуі керек. Марғұлан мен Данатқа бостандық!

Марғұлан мен Данат босатылсын! Ерлан Каринге еліміздегі ішкі саясаттың қатесін түзету керек деп қоғам белсендісі, ұлт жанашыры Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында үндеу жасады деп жазады Paryz.kz.

Мұхтар Тайжан: Ерлан Кариннің ішкі саясатты түзетуі керек. Марғұлан мен Данатқа бостандық!
ашық дерек көздерінен

"Бізге ауыл шаруашылық саясаты ұнамаса біз ашық түрде тиісті министрі Қарашөкеевты сынаймыз. Дұрыс.

Бізге цифрлық саясаты ұнамаса, (Сбер болса, басқа болса), біз министр Бағдат Мусинді сынаймыз. Дұрыс қой.

Бізге экономикалық саясаты ұнамаса әлбетте біз премьер Смайыловты сынаймыз, өйткені оған бұл шенеунік жауапты.

Ал енді өз басыма нақты бүгінгі ішкі саясаты мүлдем ұнамай тұр. Мен бұл саясатты арам деп айтар едім. Себебі халыққа жарияланған шынайы реформа жоқ! Шарик малик қана бар.

Жанболат Мамай отыр, Ермек Нарымбай отыр, басқалар отыр. Шынайы азаматтардың орнына халыққа нафталинмен сасып кеткен ескі жалған "оппиктерді" ұсынып отыр.

Ал енді міне Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбайды 5 жылға отырғызды.

Ішкі саясат үшін бізде кім жауапты? Ерлан Карин мен Аида Балаева жауапты. Балаеваны білмедім, бірақ нақты Карин өзін ұлтшылмын деп айтып жүрген. Ал қайда сол ұлтшылдығы, егер нағыз ұлтшылдар түрмеде отырса?

Ерлан, жалған, өтірік саяси технологиямен дайындаған жиындарың, құрылтайларың, басқа шоуларың, оның ішінде медалдарың көк тиын керек емес, егер "жаңа Қазақстанда" жазықсыз ұлтшыл жігіттер түрмеде отыратын болса!

Елдің ішкі саясаты үшін сен бүгінгі таңда жоғары лауазымда отырып тікелей жауаптысың. Сол үшін қателіктеріңді түзеп жігіттерді босатыңдар. Олардың еш кінәлары жоқ. Бұны бүкіл халық біліп отыр"-дейді қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность