Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Халқымыздың беткеұстарлары туралы

Белгілі журналист Еркін Нұрзаханның Күнделігінен танымал адамдар жайлі жазбасын ұсынамыз деп жазады Рaryz.kz.

Халқымыздың беткеұстарлары туралы
ашық дерек көздерінен

Жуықта ардагерлер бас қосқан бір жиында Роза Бағланованы көрдім, — деп бастады әңгімесін Қасым аға (Қайсенов). — Сосын, "Әй, Роза, бері келші", — деп қасыма шақырып алдым да былай дедім:

 Сен ғой, Роза, сонау соғыс жылдары, одан кейін де жарқырап аспанға көтерілген өнер жұлдызы едің. Ғажап әнші ретінде елге, дүние жүзіне танылып едің. Сол күйі қала берсең болатын едің. Сол атақ, сол даңқ та жететін еді ғой. Қазір сен "Халық қаҺарманы" да атанып отырсың. Жарайды, өнеріңді, елге сіңірген еңбегіңді бағалап, ең жоғары атақты берген екен. Дұрыс дейік. Бірақ сен кейінгі жылдары неше түрлі мінез көрсетіп келесің. Мен соған түсінбеймін. Мен үйде жатып үнемі телевизор көріп, радио тыңдайтын әдетім бар. Сонда байқағаным, сен жыл сайын, әсіресе Жеңіс мерекесі қарсаңында өзіңді соғысқа қатысқан майдангер ретінде көрсеткің келіп, әңгімеңді "қоюлата" айтуды әдетке айналдырдың. Сен майдан даласына Қазақстаннан барған концерттік бригада құрамында болғаныңмен, соғысқа кіріп, жаралыларды шинельге салып, оқтың астынан сүйреп шығатын көрінесің. Кейде қолтығыңа қысып алып шығасың. Оқ пен оттың астында тұрып ән саласың. Ал осы әңгімеңе біреулер сенеді деп ойлайсың ба?! Біріншіден, сен ол кезде мына шынашақтай ғана қыз едің. Ал шынашақтай қыздың қолтығына сыйып кеткен қандай жауынгерлер?! Тіпті еңгезердей азамат болсаң да, концерт қоюға келгендерді соғысқа кім кіргізеді?! Кім саған жаралыларды алып шығуға рұқсат немесе бұйрық береді?! Ол кезде әскери тәртіп қатал. Сені оқтың астына жіберген командир сотталып кетпей ме! Тіпті, кейінгі кезде партизандар алдында да ән шырқадым дейтін көрінесің. Ол қайдағы партизандар?! Қай жерде көрдің оларды?! Әлде, жау тылына парашютпен түсіп, партизандарды тауып алып, ән шырқадың ба?! Ал, жау тылына түссең, одан қалай шықтың?! Сені кім алып шықты?! Ана бір жылы Мұсылман әйелдері қоғамының төрайымы боламын деп, сол орынға Әминамен таластың. Саған Мұсылман әйелдері қоғамының төрайымдылығы қаншалықты қажет еді?! Екеуімізге мұсылмандық қайдан келіпті?! Сен аспанда жарқыраған өнер жұлдызысың, сол орныңда қалсаң аз ба! Одан кейін экстрасенс боламын деп біраз жұртты әуреледің. Теледидарға шығып, сөйледің. Оның не екенін өзге тұрғай, өзің де білмейсің... Мұның не? Саған не болған? — дедім.


— Ие, ол кісі не деді?
— Үн-түнсіз тыңдады. Бір ауыз сөз жауап қатпады. Мүмкін, менің айтқандарымды дұрыс қабылдаған шығар. Әйтеуір үндеген жоқ.

 

Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады