Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Адам ғұрлы көрмейді»: Белгілі ақын Бауыржан Есебаевтың қателігін айтты

Ақын, психосоматик Асылзат Арыстанбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында өзінің өлеңін композитор Бауыржан Есебаев меншіктеп алғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Адам ғұрлы көрмейді»: Белгілі ақын Бауыржан Есебаевтың қателігін айтты
Коллаж: Paryz.kz

«Әсіресе, ән мәтінінің авторын елемеу қою, көп жағдайда танымау әлі де белең алып тұр. Тіпті бір уақыттары жастар арасында кеңінен таралған “үндемейсің” немесе “8 701…” деп аталатын өлеңімді композитор Бауыржан Есебаев меншіктеп алып, әніне пайдаланды. Ол тіпті сол уақыттағы рейтингі жоғары бағдарламалардың тақырыбына тұздық болып, біраз талқыланған. Сол кезде айтқанмын, Есебаевтың есесі осымен түгелденіп тұрса, өлеңімді қидым деп. Ал ол «ешкім оқымайтын өлеңін ән ғып, хит қылғаныма қуанбай ма» деп әңгіме айтыпты.

Бауыржан Есебаевтың қателігі сол, менен рұқсат сұраған жоқ. Сұрамаса да интернетте кімнің өлеңі екені көрініп тұр. Екіншіден, одан кейін «бұл өлеңнің авторы мен ғой» дегенде де «кешір, айналайын, білмей қалдым, авторын жазып қояйын» деп, азаматтық танытып қоюға болатын еді. Үшіншіден, өлеңімнің сөздерін рұқсатсыз өзгертіп, өзінікі деп пайдаланған.

Бет-жүзін көрген емеспін және дауласуға да құлқым жоқ. Жалпы, менің мүлкім – өлеңім. Ол арзан болсын, қымбат болсын, оны біреу өзіне меншіктеп алуға құқығы жоқ. Әніш-сазгерлерде ақынды адам ғұрлы көрмеу, концерттерде әннің сөзін жазған авторды атамай кету, әйтеуір ақынға деген бір менсінбеушілік бар», - деді. “8 701…” деп аталатын өлеңіне жазылған әнді шырқаған Еркін Нұржанов пен Сырым Исабаев та хабарласпағанын айтты.

«Әншілер де өзінің кімнің өлеңін айтып жүргенін білмейді. Әнді сатып алады да ақынмен сөйлеспейді. Автор сөзінде не мән-мағына бар деп ізденбейді», - деді Асылзат Арыстанбек.

Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики Расул Рысмамбетов: верховенство Закона - основа устойчивого развития экономики «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады