Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Қазақстандықтардың мәлеметтері шетелдік «боттарда» ашық жатады

Кибершабуылға ұшырауда Қазақстан әлемде жетінші орында тұр

Қазақстандықтардың мәлеметтері шетелдік «боттарда» ашық жатады
Фото: Дзен

Еліміздегі компаниялардың 92 пайызы осы уақытқа дейін бір рет болса да кибершабуылға ұшыраған, ал интернет-алаяқтардан келген шығын жүздеген миллиард теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Руслан Берденов цифровизацияға қатысты қазақстандықтардың жеке кұпия ақпараттарының қауіпсіздігі жөнінде алаңдайтынын айтты.

«Менің де осы соңғы кезде, бір-екі жиналыста көтерген мәселем. Себебі, мысалы Америкада жақында болдық, олардың тәжірибесін қарадық, оларда тіпті цифровизация жоқ. Көп нәрсе өзінің қолымен, өзінің қалпымен жасалады, әлі күнге дейін хат жазады, пошта қолданады, әлі күнге дейін жұмыс орындарында, үйлерге пошта келеді. Бізде, бұл цифровизация бір жағынан, әрине, біздің қолымызды босатып қойды. Көп нәрсе, қол жетімді болып қалды. Екінші жағынан, бұның қалай қорғалуын бақылау керекпіз. Осыған қатты көңіл бөлу керек. Осы сала адамдарымен сөйлестім, олар айтады - өкінішке қарай, цифровизацияны жақсы жасадық та, мәлеметтердің қорғалуын әлі күнге дейін қолға алмадық. Осы мәселені қолға алу керек. Оған да дәлел ретінде, қаншама ресейлік боттарда қазақстандықтардың бүкіл мәлеметтері ашық жатады - ашық жатқанын көрдік, бір жыл бұрын. Осының барлығы үлкен проблема, қорғау жағын қарастыру қажет», - деді депутат.