Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Электронды сигареттердің балаларға қолжетімді болуы - қасірет»: Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Г.Байулова

Астана қаласындағы №9 "Зерде" мамандандырылған мектебі директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Байулова Гүлназия Сабырқызы сұхбат барысында электронды темекіге қатысты ойын білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазіргі кезде электронды сигареттермен әуестенетін балалар бар. Ондайды  сатудың өзін қоғам болып бақылауға алу керек шығар? Балаларға сату, балаларға қолжетімді болуы жақсы емес. Оның зардабы өте ауыр. Соны түсіндіру керек.

Тағы бір мәселе - телеарналардан берілетін хабарларды електен өткізу керек шығар. Қатыгездікті көрсететін дүниелер әрине насихатталмаса деп ойлаймыз. Көрсетілген күннің өзінде   өте кеш, бала көрмейтін  уақытта көрсетілсе дегентілегіміз бар... Кезінде өз балаларымыз кішкентай болғанда, телеарналардан бразилиялық  махаббат сериалдары көрсетілгенде, балалар беттерін жаба қоятын. Біраздан соң ғана, «өтті ма?» - деп беттерін ашатын.  Қазіргі кезде сол тәрбие жетіспейді,- деп тұжырымдады ұлағатты ұстаз.