Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Александр Бублик Хачановты жеңіп, Almaty Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик өз алаңында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда Карен Хачановты жеңді.

Александр Бублик Хачановты жеңіп, Almaty Open турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Ben Salmon

Кездесу 4:6, 7:6, 7:6 есебімен аяқталды. Алғашқы сетте жеңіліп қалған Бублик матч барысын өзгертіп, қарсыласынан басым түсті. 24 қазанда өтетін жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасы

Даниил Медведевпен кездеседі. Жартылай финалға шыққан өзге теннисшілер қатарында Стефанос Циципас пен Николоз Басилашвили де бар. Almaty Open турнирінің финалы 25 қазан, жексенбі күні өтеді.