Танымал әнші Айгүл Иманбаева ата-анасы туралы сыр шертіп, көзіне жас алды. Өнер иесі әкесінен айырылған сәтін еске алып, анасын жоғалтуға дайын емес екенін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.
Әншінің айтуынша, ата-ананың мәңгі қасыңда болмайтынын әкесі өмірден өткенде түсінген. Сол кезде Англияда білім алып жүрген Айгүл Иманбаева елге оралған соң анасын құшақтап, көз жасына ерік бергенін еске алды.
«Мен ата-ананың мәңгі қасымда жүрмейтінін әкем өмірден өткенде сезіндім. Мен сол кезде Англияда оқып жүрмін. Үйге келгенде анамды бас салып құшақтап, жылағаным есімде. Тәте, мен сені жоғалтуға дайын емеспін. Өлімді қабылдау керек екенін білемін. Бірақ ешкім әке-шешесін жоғалтуға дайын емес. Анама: “Сен кетпеші, жүре тұршы”, – деп жыладым», – деді әнші.
Сондай-ақ өнер иесі әкесімен 40 жыл бойы араласпағанын айтты. Кейін қайта кездескен соң әкесінен айырылу оған ауыр тиген. Айгүл Иманбаева ата-анадан айырылу, әсіресе ананы жоғалту бала үшін орны толмас қайғы екенін жеткізді.