Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады

Актриса Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында өткен өмірі мен болашаққа деген көзқарасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады
Фото: видиодан скриншот

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова өміріне келген ерекше күннің құрметіне өзіне ән арналғанын айтты. Ол бұл туындыны жаралы жүректің зары емес, бақытқа сенген жүректің жеңісі деп сипаттады.

«Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін», – деп түйіндеді өнер иесі.