Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшелері қамауға алынды - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшелері ұсталғанын хабарлады.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарма мүшелері қамауға алынды - ҰҚК
Фото: Қазатомөнеркәсіп баспасөз қызметі

"2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма мүшесі Қ.Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп жазылған хабарламада.

Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

"Қазатомөнеркәсіп" ұсталған азаматтардың өкілеттіктері тоқтатылғанын хабарлады.

"Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 24 қарашадағы шешімімен Қазатомөнеркәсіп басқармасының мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожиннің және өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп жазылған компанияның ресми хабарламасында.