Прямая трансляция

Астана

Астана

23.53°C

Қазақстан мен Ресей басшылары Омбыда кездеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей басшылары Омбыда кездеседі
Ақорда

Президент ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі жоспарланған. 

Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде.