Прямая трансляция

Астана

Астана

20.71°C

Мемлекет басшысы Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті, деп хабарлайды paryz.kz.

Мемлекет басшысы Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.

Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.