Прямая трансляция

Астана

Астана

21.31°C

Тоқаев Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Paryz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Ақорда

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.