Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады
Ақорда

Кездесуде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастық перспективасы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстан МАГАТЭ-мен ұзақ жылдар бойғы серіктестікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Рафаэль Гроссидің жетекшілігімен Ұйым ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және атом қуатын бейбіт мақсатта қолдануға үлес қосқанын атап өтті.

– Сіздің 2023 жылы сәуір айында Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз өзара байланыстарды дамытуға тың серпін берді. Ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесіне қатысты ұстанымымыз ұқсас деп ойлаймын. Дегенмен әлемде аса күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл жаһандық проблеманы шешу жолдарын іздеуде күш біріктіруді талап етеді, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тереңдету туралы 2036 жылға дейінгі жол картасына және ядролық медицина мен ғылымды дамыту саласы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылғанын құптады.